Жаңалықтар

2019 жылдың маусым айынан тамыз айы аралығында қала тұрғындары цифрлық сауаттылықты арттыру курстарынан тегін өте алады. Курстар қалалық мектептерде өтеді.

Достар, өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру туралы шешім қабылдады. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асырудың бастауы екендігін куәландырады.

30 наурыз күні Құрманғазы көшесі 173А мекен-жайында орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығында «Ашық әкімдік» шарасы өтеді. Азаматтарды қабылдауды қала әкімі - Мұрат Рахметұлы Мұқаев, әкім орынбасарлары мен құрылымдық бөлім басшылары жүргізеді.  

Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бастаған жұмыс тобы халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, орталық жұмысымен танысты.

Құрметті жұмыс іздеушілер және жұмыс берушілер 2019 жылғы  29 наурыз күні, сағат 10:00-де Орал қаласы әкімдігінің  Халықты жұмыспен қамту орталығы мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының бірлесе ұйымдастыруымен жастарға және өзге де санаттағы жұмыс іздеушілерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілетінін хабарлаймыз.